
«Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС тарапынан бас кәріз коллекторын ауыстыру мақсатында қолға алынған жөндеу жұмыстары бүгін аяқталатыны баяндалды.
Апат болған жерде СЖСЖК ЖШС-нің 40 қызметкері төртінші күн қатарынан тәулік бойы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 1 УАЗ, 4 вакуумдық сорғы, 2 экскаватор, 2 самосвал, 2 кран, 1 су жеткізу көлігі, 1 тиегіш техникасы жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, 17 қыркүйек күні түнде Сәтбаев қаласында кәріз коллекторының істен шығуына байланысты 21 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап қалада шаруашылық, ауыз су тоқтатылған болатын.