
Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «Арнайы құрылыс» ЖШС-мен «Балалардың ойын алаңдарын орнату арқылы аулаларды абаттандыру» нысаны бойынша келісім-шарт жасалды.
Сметалық құжаттамада 39 ойын алаңының құрылысы қарастырылған.
Суретте Есенберлин 2/1, 2/2 мекен-жайындағы балалар ойын алаңы. Қазіргі уақытта демонтаждау жұмыстары аяқталды, бордюрлерді орнату жұмыстары басталды.