Жезқазғанда жаңа форматтағы гипермаркет ашылды

Жезқазғанда жаңа форматтағы гипермаркет ашылды

Наурыз мейрамының құрметіне Жезқазғанда «Samadi Mart» гипермаркетінің салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа сауда нысанының ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі  Берік Әбдіғалиұлы қатысты.

Гипермаркеттің жалпы ауданы 4 мың шаршы метрді, оның ішінде сауда залының ауданы 2400 шаршы метрді құрайды.

Ассортимент 40 мың тауар позициясын қамтиды.

Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 2 млрд теңгені құрады. Жаңадан 100-ге жуық жұмыс орны ашылды.