Берік Әбдіғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау жүргізді

Берік Әбдіғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау жүргізді

Мәселен, Е.Талкенов атасының есімін Жезқазған қаласында, өңірге белгілі саяси қайраткер Аллаяр Тәлкеновтің есімін мәңгі қалдыруды ұсынды.

Облыс әкімі А.Талкенов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатуға болатынын айтты.

«Көкжал» жекпе-жек клубының құрылтайшысы А.Жанатов өз кезегінде облыс басшысына дене шынықтыру және спорт саласына қатысты бірқатар ұсынысын айтты.

Б.Әбдіғалиұлы бапкердің барлық бастамалары ескерілетініне сендірді.

Қабылдауға Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ж.Жахина отбасына тұрғын үй көмегін көрсетуді сұрап келген. Азаматқа қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін азаматтарды қабылдайды. Алдын ала жазылу мына телефондар арқылы жүзеге асырылады: 8 (7102) 73-33-59, 8 (7102) 73-56-41.