Ұлытау облысының Қаражал қаласындағы ең қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Ұлытау облысының Қаражал қаласындағы ең қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Қаражал қаласындағы сайлаушылардың жалпы саны 11015 адам. 15:30 – дағы жағдай бойынша 8 265 азамат дауыс берген.

Қаражалдың ең қарт сайлаушысы №246 учаскеде тіркелген. Сайлау учаскесінің мүшелері 99 жастағы Күнтай Рахимованың үйіне барды.

Ал 91 жастағы Анна Павловна Бурчикова өзі дауыс берді. №243 учаскеде Қаражал қаласының тұрғынына естелік сыйлық табысталды.

Сонымен қатар, алғаш рет дауыс берушілерге де  естелік сыйлықтар дайындалды. Өңірдің сайлау учаскелерінде концерттік бағдарламалар өтуде.

Сайлау учаскелерін қолжетімді ету мақсатында тегін қоғамдық көліктер ұйымдастырылды.