Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Қ.Шыңғысовты еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті

Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Қ.Шыңғысовты еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті

2022 жылдың 26-27 қазан аралығында Жезқазған қаласының "Ұлытау" спорт сарайында 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті.
Жарыс Қазақ КСР Халық ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкері, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қабден Шыңғысовты еске алуға арналды.
Турнирге 150-ге жуық жас палуан қатысты. Олар Абай, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар облыстары, Астана, Қарағанды, Шахтинск, Балқаш, Қаражал, Жезқазған,Сәтбаев қалалары, Абай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау аудандары мен Молодежный, Жәйрем, Жезді кенттерінен келді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.