Меню

Страницы

Статья

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 

САЙЛАУЫ 29 ҚАРАШАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Бүгін Жезқазған қаласында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ұлытау облысының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауы науқаны аясында Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

1) Ұлытау облысының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы және мәслихат депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;

2) Сайлау инфрақұрылымы туралы: комиссиялардың құрамы, округтер, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы сайлаушыларды хабардар етуі туралы.

Отырысты ашқан Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Алмаз Нысанбаев елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ағымдағы жыл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаларға толы болды. Атап айтқанда, жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум және ҚР Құрылтайы депутаттарының сайлауы өткізілді. Бүгінде Ұлытау облысы бойынша да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға байланысты жаңа электоралдық кезеңге қадам басып отыр.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Алмаз Нысанбаев комиссия мүшелеріне 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ұлытау облысының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары  таныстырылып, бекітілді. Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну кезеңі 14 қазанда басталып, 27 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-ге дейін аяқталуға тиіс. Сайлау алдындағы үгіт 1 қараша күні сағат 18:00-де басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. 28 қараша - тыныштық күні. Сайлау күні дауыс беру учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сонымен қатар аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары бес күндік мерзімде белгіленеді.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша күнтізбелік жоспардың сайлау науқанының кезеңдері мен оларға қатысты сайлау рәсімдерін айқындайтын негізгі құжат болып табылатындығына тоқталды. 

          Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Алмаз Нысанбаев баяндама жасады. Ұлытау облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда сайлау комиссияларының құрамдары толық жасақталып, қажетті ұйымдастырушылық шаралар жүзеге асырылды.

          Сайлау округтері айқындалып, олардың шекаралары бекітілді. Атап айтқанда, облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі, ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлау үшін 58 бірмандатты аумақтық сайлау округі құрылды.

          Облыс аумағында 127 учаскелік сайлау комиссиясы өз қызметін жүзеге асыратын болады.

          Кезекті электоралдық кезең аясында сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жерлері туралы ақпаратты заңнамада белгіленген мерзімдерде ресми интернет-ресурстарда және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау көзделген. Бұл сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сайлаушыларды уақытылы ақпараттандыруға және қажетті мәліметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

  Отырыс соңында Алмаз Нысанбаев сайлау процесінде заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігін атап өтіп, азаматтардың сайлау құқықтарын толыққанды қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері тиісті қаулы қабылдады. 

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
АУДИОРОЛИКТЕР
20 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы