Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау
Облыс бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 639,4 км құрайды.
Электр желілерінің ұзындығы 2820 км асады.
Облыстың жылу желілері мен электр беру желілерін жаңғырту, реконструкциялау және күрделі салу энергия беруші ұйымдардың бекітілген инвестициялық бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік салалық даму бағдарламалары шеңберінде бюджеттік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.
Осылайша, жылу және электр энергиясын беру және тарату саласындағы кәсіпорындар перспективаға арналған инвестициялық даму бағдарламаларын (2025 жылға дейін) бекітіп, іске асыруда.
Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 1314,4 км, су бұру – 539,03 км құрайды.
Облыс халқын сапалы ауыз сумен және тұрақты су бұрумен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы «Құатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 7 жобаны іске асыруға 7,2 млрд теңге бөлінді.
100% халықты ауыз сумен қамтуды 2025 жылға қарай қамтамасыз ету жоспарланған.
Жылумен жабдықтау
Жыл сайын жылу электр станцияларын дамыту және жаңғырту бойынша іс-шаралар өткізіледі. Энергия көздерінің негізгі жабдықтарын жаңғырту науқанына "KAZAKHMYS ENERGY (Қазақмыс энергиясы)"ЖШС Жезқазған ЖЭО қатысады. Іс-шаралар станциялардың жұмысын жақсартуға және жылу және электр энергиясын сапалы өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Газбен жабдықтау
Жезқазған қаласының газ тарату желілерін салу 2027 жылға дейін жоспарланған және 3 кезектен және 7 іске қосу кешенінен (бұдан әрі-ӨК) тұрады. Ұзындығы 199,8 км
2023 жылы облыстық газдандыру орталығында 94,2 км салынды, 1943 абонентке газ өткізілді, 866 абонентке техникалық шарт берілді, оның ішінде 785 абонент газға қосылды.