Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары! Қадірменді жерлестер!
Өздеріңіз білетіндей, 1 наурызда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады. Оның басты мақсаты - жас менеджерлер мен жаңаша ойлайтын көшбасшылардың пулын қалыптастыру.
Осы орайда Ұлытау облысының жастарына да іріктеудің жүріп жатқанын жеткізгім келеді. Егеменді мемлекетімізді нығайту жолында еңбек ететін зор қозғаушы күш – өздеріңіз. Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы сіздердің қолдарыңызда.
Қазір елімізде жастардың өзін-өзі қалыптастыруы үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Өңірлік кадрлық резервке іріктеу - сол мүмкіндіктің бірегейі. Сіздерді жаңа облысымыздың дамуы үшін білімді, еңбекқор және креативті жастар ретінде белсенділік танытады деп сенемін.
Құрметпен,
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы