Меню

Страницы

Статья

Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтау

Қадірменді Ұлытау облысының тұрғындары!
 
Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық Волонтерлер күні атап өтілуде. Олар - шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналған жандар. Волонтерлық – нағыз патриотизмнің көрінісі.
 
Қазіргі таңда облысымызда 100 ден астам бастамашыл волонтерлық топ бар және олардың қатысуымен 400 ден аса іс-шара жүзеге асырылды.
 
Облысымызда волонтерлер қозғалысы белсенді дамып, қоғамдық өмірдің түрлі саласында маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдары волонтерлік қызметке деген қызығушылықтың артуы және жастардың белсенділігі байқалуда. Соның алғысы ретінде биыл «Мен жас Қазақстандықпын» жобасы шеңберінде «Жыл волонтері» номинациясы табысталды.
 
Волонтерлік - ол уақытша науқан емес, ол - он мыңдаған азаматымыздың жан тебіренісі. Біз Әрқашан біргеміз!

Құрметпен,
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы

Дата публикации
05 декабря 2023
Дата обновления
05 декабря 2023
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

21 октября 2026
20 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы