Әдеп жөніндегі уәкіл Ж. Қ. Жұмабекова мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілермен және мемлекеттік қызметке қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіреді, ұжымдағы корпоративтік мәдениет негіздерімен таныстырады.