Ағымдағы жылдың 16 қазанында Малшыбай ауылы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен Әдеп кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді.
Семинарда мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатыны және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жоғары талаптар қойылатыны атап өтілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары туралы, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілерін болдырмау туралы әңгіме жүргізілді.
Семинар соңында жеке сұрақтар бойынша қабылдау өткізіліп, сұрақтарға жауаптар берілді.