2023 жылғы 6 қазанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Қ. Жұмабекова Талап ауылы әкімінің аппаратында семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің этикалық қағидаттары, қызметтік этика стандарттары талқыланды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.
Семинарға ауыл әкімі К.М.Бапанов және қала әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Т.Ысқақов қатысты.
Мемлекеттік қызметке жұмыс істегісі келетін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.