АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!
Сіздерді барша мұсылманның аса ұлық мейрамы, он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол қасиетті РАМАЗАН айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын, ниеттеріңіз қабыл болсын!
ОРАЗА – адамзат баласын шыдамдылыққа, сабырмен қарауға, бардың бағасына жетуге тәрбиелеп, қайырымды болуға шақыратын қадірлі ай.
Бұл - араздасқан жандардың татуласып, көріспеген туыстың табысатын, адамның жүрегіне мол мейірім, бойына қанағат ұялататын ерекше сәт.
Осы кезеңде жасаған қайырымдарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болып, қасиетті ай әрбір отбасын шапағатына бөлесін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Ораза қабыл болсын!