Ұлытау облысының
ауылдық округі әкімін
сайлау қорытындылары туралы – 22.02.2026
Ағымдағы жылдың 22 ақпанында 1 ауданда (Жаңаарқа) 1 ауылдық округтің әкімінің сайлауы өтті: 1 – өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.
Оған 1 аумақтық және 1 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
1 сайлау округі бойынша 3 кандидат ұсынылды: 1 (33%) «AMANAT» партиясы» ҚБ-нен, 2 (67%) өзін-өзі ұсыну.
3 (100%) кандидат мемлекеттік қызметкер.
Сайлауға 3 кандидат қатысты.
Сайланған әкім мемлекеттік қызметкер, 1 «АМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестікпен ұсынылған.
Сайланған әкімнің жасы 39 жаста.
Ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы хабар аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған.