Ұлытау облысындағы ауылдық округ
әкімінің сайлауын 2026 жылғы 22 ақпанға тағайындау туралы
хабар
Бүгін 2026 жылғы 14 қаңтарда Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына сәйкес Айнабұлақ ауылдық округінің әкімін сайлауды 2026 жылғы 22 ақпанға тағайындады.
Әкімді сайлау бойынша сайлау округі құрылды.
2026 жылғы 22 ақпанға тағайындалған ауылдық округ әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 15 қаңтардан басталады.
Сайлау туралы ақпарат Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылады.