«БЕКІТІЛДІ»
«Ұлытау облысы әкімінің аппараты»ММ
басшысының орынбасары
Ғ. Қ. Тұрлыбеков____________
2025 жылғы «___» желтоқсан
«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ п/п |
Ұсыныстар |
Іс-шараның атауы |
Орындауға жауаптылар |
Аяқтау нысаны |
Орындалу мерзімдері |
|
1 |
Лауазымдардың жекелеген санатгарының конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі. «Казақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазакстан Республикасы Заңнын 27-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың басшьшарының, баспасөз хатшыларының көмекшілерінің бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс (тестілеу, әнгімелесу) өткізілмей орналасуға жол беріледі, бұл бірінші басшыға кандидатты көрсетілген мемлекеттік лауазымға жеке берілгендік пен артықшылық пен қағидаттарына негізделген тағайындауға мүмкіндік береді.
|
«Казақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Казақстан Республикасы Заңының 27-бабыныц 7) тармағына байланысты. |
Персоналды басқарудың және адами ресурстарын дамытудың біріңғай қызметі
|
«Казақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Казақстан Республикасы Заңының 27-бабыныц 7) тармағына конкурс тағайындау бөлігінде өзгерісті қарау туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентттігіне ұсыныстар жолдау. |
2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
|
2 |
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының төмен деңгейі қызметтік өкілеттіктерді жеке пайда үшін пайдалану, заңсыз сыйақы алу және мүдделер қақтығысы сияқты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының туындау қаупін арттырады. Материалдық ынталандырудың жеткіліксіздігі кадрлардың тұрақсыздығына және қызмет сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
|
мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру |
Персоналды басқару және адам ресурстарын дамыту қызметі бойынша адам ресурстарын дамыту қызметі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады. Бұл шара қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартып, адал әрі кәсіби қызмет атқаруға ынталандырады, сондай-ақ кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға ықпал етеді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентттігіне ұсыныстар жолдау.
|
2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін |