Ұлытау облысындағы ауылдық округ әкімінің сайлауын
2025 жылғы 14 желтоқсанға тағайындау туралы
хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ұлытау облысындағы Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ұлытау ауданының Мибұлақ ауылдық округі әкімін сайлауды 2025 жылғы 14 желтоқсанға тағайындады.
Бүгін 2025 жылғы 05 қарашада Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Мибұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.
Әкім сайлау бойынша Мибұлақ ауылдық округінің және Ақкеңсе елді мекенінің шекараларындағы Мибұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Мибұлақ сайлау округі құрылды.
2025 жылғы 14 желтоқсанға тағайындалған Ұлытау облысы Ұлытау ауданының Мибұлақ ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 06 қараша күні басталады және 18 қараша күні сағат 18:00-де аяқталады.
Сайлау туралы ақпарат Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылады.
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы