Ұлытау облысы бойынша
селолар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдеріне
кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабар
(2025 жылғы 09 қарашадағы сайлау)
Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 қазанында жергілікті уақытпен сағат 18.00-де облысымызда селолар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Сайлау науқаны басталғаннан бері 10 адам ұсынылды.
Жаңаарқа ауданының Сейфуллин ауылдық округінің әкіміне 1 кандидат сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжатының болмауы себепті кандидат ретінде тіркелмеді, Ұлытау ауданының Қаракеңгір ауылдық округінің әкіміне 1 кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегендігіне байланысты тіркеуден бас тартылды.
Ағымдағы жылдың 20 қазандағы жағдай бойынша 8 кандидат тіркелді, оның ішінде 3 кандидат - «AMANAT» партиясы» ҚБ-нен, 5 кандидат өзін-өзі ұсынушылар.
Бір округке орташа бәсекелестік 3 адамнан.
Кандидаттардың орташа жасы - 36, ең жасы 28, жасы үлкені 40 жаста.
Ұлытау облысындағы селолар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдеріне тіркелген кандидаттардың тізімі
|
№ |
Қала/аудан |
Село, кент, ауылдық округ |
Тегі, аты, әкесінің тегі |
|
1 |
Жаңаарқа ауданы |
Сейфуллин ауылдық округі |
Ахметов Еркебулан Советович |
|
2 |
Жаңаарқа ауданы |
Сейфуллин ауылдық округі |
Бейсенбеков Максат Кенжебаевич |
|
3 |
Жаңаарқа ауданы |
Сейфуллин ауылдық округі |
Абдиков Нуртас Газизович |
|
4 |
Ұлытау ауданы |
Жезді кенті |
Жұмабек Мұратбек Досымбекұлы |
|
5 |
Ұлытау ауданы |
Жезді кенті |
Қалыбек Данияр Әбіләшімұлы |
|
6 |
Ұлытау ауданы |
Жезді кенті |
Ранова Фариза Кенжетайқызы |
|
7 |
Ұлытау ауданы |
Қаракеңгір ауылдық округі |
Сабыр Баубек Жакудаұлы |
|
8 |
Ұлытау ауданы |
Қаракеңгір ауылдық округі |
Такеева Айнагул Абдрахмановна |