№ 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына үміткерлердің назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы» ЖШС сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ақылы негізде орын беріп, сайлау науқаны туралы мынандай баға жариялайды. Сайлауалды үгіт материалдары және оны газетте орналастыру шарттары, орындарды беру тәртібі:
көлемі 200 шаршы сантиметрден аспауы керек;
материалдардың түсу реті бойынша жүзеге асырылады.
Сайлауалды үгіт материалдарын газет бетіне жариялау үшін төлем мөлшері әр шаршы сантиметріне 354,78 теңгемен есептеледі.
Жариялауға арналған өтінімдерде төлем уақыты, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері, ақпаратты берген тұлғаның аты-жөні туралы мәліметтер болуы керек.
«Қазыналы өңір» газетінің редакциясы