Ұлытау облысы кентінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабар – 14.09.2025

Ұлытау облысының

ауылдық округтер әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы – 14.09.2025

 

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты Жаңаарқа ауданында Қызылжар кенті әкімінің сайлауы өтті.

Оған аумақтық және 1 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

         Сайлау округі бойынша 4 кандидат ұсынылды: 1 (25 %) «AMANAT» партиясы» ҚБ-нен, 3 (75 %) өзін-өзі ұсыну.

4 (100%) - мемлекеттік қызметшілер.

Өзін-өзі ұсынған 1 кандидатты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі себебінен тіркеуден бас тартты.

Сайлауға 3 кандидат қатысты.

Сайланған әкім - мемлекеттік қызметкер.

«АМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестікпен ұсынылған.

Сайланған әкім 60 жаста.

Кенттің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған.

Дата публикации
15 сентября 2025