Ұлытау облысы бойынша
селолар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдеріне
кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
хабар
(2025 жылғы 14 қыркүйектегі сайлау)
Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 24 тамызында жергілікті уақытпен сағат 18.00-де облысымызда селолар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталды.
4 кандидат ұсынылды, «AMANAT» партиясынан - 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен – 3 кандидат. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 4 кандидат ер адам.
Үміткерлердің орташа жасы 41 жасты құрайды. Ең жас үміткер 34 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 60 жаста.
Келесі мамандықтар бойынша: қаржы – 1 кандидат, құқықтану - 1 кандидат, мемлекеттік және жергілікті басқару - 1 кандидат, еңбек және жалпы техникалық пәндер – 1 кандидат.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 4 кандидат мемлекеттік қызметкер.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органнан келіп түскен құжатқа сәйкес 1 кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді.
Ағымдағы жылдың 24 тамызындағы жергілікті уақытпен сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 тіркелді (75%), 1 кандидат т3ркеуден бас тартылды (25%).