Ұлытау облысындағы кент әкімінің сайлауын 2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындау туралы хабар

Ұлытау облысындағы кент әкімінің сайлауын

2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындау туралы

хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің әкімін сайлауды 2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындады.

         Бүгін 2025 жылғы 06 тамызда Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Қызылжар кентінің әкімінің сайлауы тағайындалды.

         Әкім сайлау бойынша Қызылжар кентінің шекарасында сайлау округі құрылды.

         2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындалған Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 07 тамыз күні басталады және 19 тамыз күні сағат 18:00-де аяқталады.

         Сайлау туралы ақпарат Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылады.

 

 

Дата публикации
06 августа 2025