Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабар
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Ұлытау ауданында 4 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті (Алғабас, Егінді, Мибулақ, Шеңбер а/о).
Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы және 5 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды.
13 кандидат ұсынылды: 3 (23,1%) - "AMANAT" партиясы, 10 (76,9%) - өзін-өзі ұсыну.
11 (85%) кандидат - мемлекеттік қызметшілер, 2 (15%) - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.
2 кандидат ҚР мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеді.
Декларациядағы мәліметтердің сәйкес еместігі себебінен 1 кандидат тіркеуден алынды.
10 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.
Дауыс беруге 871 сайлаушының 590-ы қатысты (67,74%).
3 мемлекеттік қызметші, 1 бюджеттік саланың қызметкері әкім болып сайланды.