Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің "Qamqor" мобильді қосымшасы Сізді бизнесіңізді заңсыз тексерулерден қорғайтын болады.
«Qamqor» мобильді қосымшасы
Заңсыз тексерулер: қалай болдырмау және қайда арыздану керек?
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Qamqor» мобильді қосымшасы Сіздің бизнесіңізді заңсыз тексерулерден қорғайтын болады.
Мобильді қосымша iOS үшін қолжетімді (https://appsto.re/us/tOyoib.i)
«Qamqor» мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейді?
1) Қосымшаны өз смартфоныңызға орнатыңыз
2) Тексеру тағайындау туралы актінің нөмірін енгізіңіз (авторизация міндетті емес)
3) Тексеріс нысаны мен күні туралы толық ақпаратты
4) Бұзушылық болған жағдайда, қосымша арқылы шағым жолдаңыз
5) Ұтқыр топ келіп түскен шағымдармен айналысады
6) Тексеру күшін жояды және тексерушілер жауапкершілікке тартылады.
Қосымша жоспарланған тексеріс туралы алдын ала ескертеді, ол үшін:
1) кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу қажет
2) Қосымша баптамасындағы PUSH-хабарламаға тіркелесіз
3) сізге (сіздің бизнесіңізге қатысты) жаңа тексеру тағайындалған жағдайда сізге Push-хабарлама келіп түседі
Сонымен қатар егер де сіздің қандай да бір сұрағыңыз болса, онда сіз Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет қызметкерлеріне қосымшаның онлайн-чатында жаза аласыз, сондай-ақ тексерулер туралы ең өзекті сұрақтарға жауап ала аласыз.
Қандай тексеріс заңсыз деп табылады?
Тексеру Кәсіпкерлік кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады, олар:
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті