Ұлытау облысының әкімімен кездесуде Ұлытау ауданының халқы көтерген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

 

Ұлытау облысының әкімімен кездесуде Ұлытау ауданының халқы көтерген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

(20 қыркүйек 2024 ж., Ұлытау ауданы)

№

Қойылған сұрақтар

Шешу жолдары

Шешім  мерзімі

Жауапты

орындаушы

(ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау

нысаны

Ескертпе/орындау

1

Ұлытау ауылының тұрғыны, - Оразбеков Нариман;

1.1 Ұлытау ауылындағы ауыз Саламат су мәселесі қашан шешіледі?

Саламат су құбырын қосу қажеттілігі жоқ, себебі Ұлытау ауылында жаңадан су ұңғымасы қазылып,  орталық ауыз-су жинау резервуарына қосылды. Қазіргі кезде ұңғымалар жұмыс істеп тұр.

орындалды

Ұлытау ауданы әкімі А.Мырзабеков

 

 

2

 Ұлытау ауылының тұрғыны, - Смайлов Мақсұт;

2.1. Ұлытау ауылындағы кәріз жүйесі толық қосылмаған. Осыған сәйкес кәріз жүйесі қашан қабылданады?

Ұлытау  ауылындағы кәріз жүйесі бойынша қазіргі таңда мердігер жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылда қабылдау жұмыстары жүргізіледі.

2025 жыл маусым айы

Ұлытау ауданы әкімі А.Мырзабеков

 

 

3

Қоскөл ауылының тұрғыны, - Рахметов Қалдыбай;

3.1.Қоскөл ауылында жедел-жәрдем көлігі ескірген. Сол себепті Қоскөл ауылына жедел-жәрдем көлігін алуға көмек берсеңіз?

Бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде. Жедел-жәрдем көлігі 2024 жылдың желтоқсанына дейін қамтамасыз етіледі.

2024 жыл желтоқсан айы

Ұлытау ауданы әкімі А.Мырзабеков

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Л.Ранова

 

 

3.2.Қоскөл ауылы шалғайда орналасқандықтан ауыз-су тапшы. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ауыз-суға 50% субсидия беріледі.  Облыстық бюджеттен 30% көмек берілсе?   

2024 жылы инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағытына 1,3 млрд.теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шаруашылығы шаруашылықтарын (құдықтар, ұңғымалар) сумен қамтамасыз етуге арналған субсидиялау бағытын 80%-ға дейін өсіру үшін өзгеріс енгізу туралы ұсыныс хат жолдау қажет. Сонымен қатар жоғарыда аталған субсидиялау бағытына (құдық/ұңғыма) қаражат жеткілікті екенін хабарлаймыз.

2024 жыл желтоқсан айы

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысының м.а. А.Сексенбаева

 

 

4

Мибұлақ ауылының тұрғыны, - Ақжамбаев Жеделбай;

4.1. Шаруа қожалықтарына жем, шөпке субсидия берілсе?

2024 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 1,6 млрд.теңге бөлінді. Қазіргі таңда «ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялау гидрометеорологиялық қызмет растаған, өңірде азық дайындауға теріс әсер еткен төтенше жағдай жарияланған немесе қалыптан тыс ауа райы жағдайлары болған кезде ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарға  байланысты Ұлытау облысының шаруа қожалықтарына аталған бағытқа субсидия төлеу мәселесі бойынша қағидаға өзгеріс енгізуге ұсыныс хат жолданды. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы министрлігімен Ұлытау облысының әкімдігімен мәселені шешу жолдары қарастырылуда.

2024 жыл қараша айы

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысының м.а. А.Сексенбаева

 

 

5

Жезді кентінің тұрғыны, - Садуақасов Бектұр;

5.1. Жезді өзені арқылы ауыз-су құбыры көктемгі су тасқыны салдарынан үзіліп, уақытша жер бетімен жалғаулы тұр. Осыны қашан жер асты арқылы өткізіп, қалпына келтіріледі?

Бүгінгі күнде тергеп-тексеру амалдары жүргізілуіне байланысты сот процесі  өтіп жатыр. Үзілген су құбырын қалпына келтіру жұмыстары  сот шешімі шыққаннан соң анықталады.

2024 жыл қазан айы

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Үсенов

 

 Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшының м.а. А.Ахметбеков

 

 

6.

Байқоңыр ауылының тұрғыны, - Жаулыбаев Қордабай;

6.1. Байқоңыр ауылына жедел жәрдем көлігін алуға көмек берсеңіз?

Байқоңыр ауылын жедел-жәрдем көлігімен қамтамасыз ету 2025 жылдың 1 жартыжылдығында шешімін табады.

2024 жыл желтоқсан айы

Ұлытау ауданы әкімі А.Мырзабеков

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Л.Ранова

 

 

 

Ұлытау облысының әкімімен кездесуде Ұлытау ауданының халқы көтерген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Дата публикации
27 сентября 2024