Ұлытау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ұлытау облысы әкімдігінің істер басқармасы» КММ директоры лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

  1. Жоғары білім;
  2. Мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында басшы лауаымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама;

6) соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (eGov.kz «Электроннық үкімет» порталы арқылы);

7) адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру (eGov.kz «Электроннық үкімет» порталы арқылы).

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Функционалдық міндеттері:

Заңнамадарға сәйкес мекеменің шаруашылық  және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, мекеме мүлкінің тиімді пайдаланылуын және сақталуын қамтамассыз етеді.

Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда коммуналдық  мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

Мекемені білікті кадрлармен қамтамассыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірбиелерін ұтымды пайдалану және дамытуда, қауіпсіз және қолайлы өмір мен денсаулық үшін еңбек жағдайларын жасайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды.

Қызметкерлердің еңбекті қорғау нормасы мен ережелерін, еңбек және өндірістік дисциплинаны, ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтауды қамтамассыз етеді.

Еңбек тәртібін бұзған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады, материалдық әсері бар шараларды қолдануға ұсыныстар ұсынады;

Көліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.10.2023–19.10.2023 жыл. Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау орны: «Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 1, 8 қабат 814 каб).

Анықтама алу үшін байланыс: 8(7102) 73-31-15, 87477097976.

Дата публикации
05 октября 2023