Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама;
6) соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (eGov.kz «Электроннық үкімет» порталы арқылы);
7) адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру (eGov.kz «Электроннық үкімет» порталы арқылы).
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Функционалдық міндеттері:
Азаматтық және аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және өткізуге басшылық жасау, олардың орындалуын бақылау; объектілердің мақсатын білу және олардың қызметін шебер басқару; мақсатқа жету үшін мемлекеттік мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Азаматтық аумақтық қорғаныстың арнаулы мүлкінің сақталуын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестігін қамтамасыз ету.
Мақсаты бойынша азаматтық және аумақтық қорғаныстың арнаулы мүлкін жылдам беруге тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету;
Арнаулы мүлікті сатып алуды және алуды ұйымдастыру, оларды тексеру және ұзақ мерзімді сақтау үшін қоймаларға жөнелту;
Арнайы мүліктің есебін сандық және құндық мәнде және белгіленген нысандар мен нұсқаулықтар бойынша жүргізу;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің есептеріне сәйкес арнайы мүлік - азаматтық және аумақтық қорғаныс салуға актілер жасау;
Азаматтық және аумақтық қорғаныстың арнайы мүлкінің материалдық құндылықтарын, ескірген маркаларын жаңарту жоспарларын жасау және т. б..
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.10.2023–19.10.2023 жыл. Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады.
Құжаттарды қабылдау орны: «Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 1, 8 қабат 814 каб).
Анықтама алу үшін байланыс: 8(7102) 73-31-15, 87477097976.