«Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ мерзімді баспа басылымдары (газеттер, журналдар), теле -, радиоарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1-үй, 411-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ кеңсесі 2023 жылғы 6 сәуір күнгі сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1-үй, 411-кабинет мекенжайы бойынша 2023 жылғы 07 сәуірде сағат 11:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейдегі ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімсіз жіберілген құжаттар қаралмайды.
Қағидалардың 8 және 34-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.