Ұлытау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА 29.07.2022 ж

 2022 жылғы 29 шілдеде Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Ұлытау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы мәселе қаралды.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, сайлау комиссиясы Ұлытау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына келесі кандидаттарды тіркеу туралы шешім қабылдады:

  1. Мырзабеков Аманжол Батырбекович, 1973 жылы туған, Ұлытау облысы Ұлытау ауданы мәслихатының хатшысы, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында тұрады;
  2. Кожахметов Бактияр Сапарбекович, 1962 жылы туған, "Ұлы Тағзым" қоғамдық қорының атқарушы директоры, Жезқазған қаласында тұрады.

 

 

Дата публикации
29 июля 2022