ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

 

         29 қарашада мәслихаттар депуттатарының кезектен тыс сайлауы өткізіледі.

         Ұлытау облысында бір облыстық, 3 қалалық және 2 аудандық мәслихат; оларда барлығы 84 депутаттық орын қарастырылған: облыстық мәслихатта – 26, қалалық мәслихаттарда – 36, аудандық мәслихаттарда – 22 мандат.

         Облыстық мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша сайланады: депутаттардың 50%-ы партиялық тізімдер арқылы, ал қалған 50%-ы бірмандатты аумақтық сайлау округтерінен сайланады. Қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтерінен сайланады.

         Бүгін, 14 қазанында, 70 округтік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады.

         Округтік сайлау комиссиялары заңнамалық талаптарға сәйкес кандидаттан құжаттарды қабылдайды, тіркеу жұмыстарын жүргізеді.

         Мәслихаттарға сайлауға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады; кандидаттарды тіркеу 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады.

         Округтік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы ақпарат жергілікті БАҚ жарияланады және сәйкес аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

 

 

Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 октября 2026