«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріне жүргізілген талдау жөніндегі
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Жезқазған қаласы 2026 жылғы 8 қазан
Ұлытау облысы әкімінің аппараты басшысының 2026 жылғы 14 тамыздағы №26-Б бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстары келесі құрамда жүргізілді:
1. Ардақ Қажымұратұлы Жапаров — облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары;
2. Нұртілек Мылтықбайұлы Боранқұл — облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық жұмыс бөлімінің басшысы;
3. Мерей Смағұлұлы Смағұл — облыс әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі бөлімінің басшысы;
4. Ақтолқын Темірғалиқызы Қалықова — облыс әкімі аппаратының персоналды басқару және адами ресурстарды дамыту қызметі бөлімінің басшысы;
5. Алтын Дүйсенбайқызы Оразбаева — облыс әкімі аппаратының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бөлімінің басшысы
6. Жұлдыз Қуанышбекқызы Сапарғалиева — облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бөлім басшысы;
7. Жадыра Сұлтанқызы Сейлова — облыс әкімі аппаратының бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
8. Жаңагүл Шайманқызы Еділбаева — облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі;
9. Бекзат Ғалымбекұлы Мұхтар — Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы (келісім бойынша);
10. Мағжан Тілепбайұлы Өтеш — мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1. Мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2. Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдауды өткізу мерзімі: 2025 жылғы 18 тамыздан 29 қыркүйекке дейін.
Талданған кезең: 2025 жылғы тамыздан 2026 жылғы шілдеге дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүргізілді.
«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Талдау нәтижелері бойынша аппараттың қызметіне қатысты құқықтық актілердің талаптары сақталғаны байқалды.
«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ұйымдастыру - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1. Ұйымдастыру – инспекторлық бөлімнің қызметіндегі сыбайлас тәекелдерін анықтау.
Ұйымдастыру – инспекторлық бөлімнің негізгі мақсаты өңірдегі жалпы істердің жағдайын талдау және облыстық басқармалар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне (келісім бойшілік ету, проблемалық сұрақтарды анықтау, оларды шешу юойынша ұсыныстар енгізу және облыс әкімінің қатысуымен өңірлерде іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Талдау кезеңінде бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалған жоқ.
2. Персоналды басқару және адам ресурстарын дамыту қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың штат саны — 52 бірлік, нақты жұмыс істейтіндер — 48 қызметкер, бос лауазымдар саны — 4 бірлік құрайды.
2025 жылдың маусымынан және 2026 жылдын маусыма дейін мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемкорлык құқық бұзушылықтар бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Жаңадан қабылданған барлык қызметкерлер қолданыстағы заңнамаға сайкес міндетті арнайы тексеруден өтеді. Бұрын сыбайлас жемқорлық құкық бұзушылық, қылмыстық жауапкершілікте болған адамдарды жұмыска қабылдау фактілері жоқ. Мемлекеттік қызметке алгаш кіргендер сыбайлас жемқорлыкқа қарсы ic-қимыл туралы заңда белгіленген, сыбайлас жемқорлык құқык бұзушылыктардың алдын алуға бағытталған шектеулерді қабылдайды.
Лауазымға iріктеу және тағайындау тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығына сәйкес, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс мемлекеттік кадр жүйесі арқылы интеграцияланған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі жүйе) «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталында өткізіледі. Байқауға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бұрын тестілеу рәсімдерінен өткен азаматтар қатыса алады. «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Жалпы конкурсқа бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білу бойынша тесттерден, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалау тесттерінен өткен және нәтижелері тестілеу бағдарламаларында белгіленген шекті мәндерден төмен емес үміткерлер қатыса алады. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы жүйеде хаттама түрінде жасалады. Жалпы конкурс нәтижелері жарияланған күні жүйе осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген әдістемеге сәйкес үміткерлердің баллдарын автоматты түрде есептейді. Жеке қасиеттерін бағалау және жалпы байқау кезеңдері бойынша ең жоғары жалпы балл жинаған үміткер жеңімпаз болып табылады.
«Казақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазакстан Республикасы Заңы 28-бабыньң 8-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары көмекшілерінің немесе кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларыларының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына адамдарды конкурссыз жұмысқа алуға болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган ішінде әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқарған адамдардың кейіннен ауысуына жол берілмейді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
1) Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының төмен деңгейі қызметтік өкілеттіктерді жеке пайда үшін пайдалану, заңсыз сыйақы алу және мүдделер қақтығысы сияқты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының туындау қаупін арттырады. Материалдық ынталандырудың жеткіліксіздігі кадрлардың тұрақсыздығына және қызмет сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Ұсыныс:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады. Бұл шара қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартып, адал әрі кәсіби қызмет атқаруға ынталандырады, сондай-ақ кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға ықпал етеді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентттігіне ұсыныстар жолдау.
2) Мемлекеттік органның лауазымды адамдарының зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлермен еңбек шартын ұзарту мәселесін шешу барысында нормативтік құқықтық актілерді әртүрлі түсіндіру жағдайлары туындауы мүмкін. Бұл, атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы және тиісті салалық нормативтік құқықтық актілердегі құқықтық реттеудің жеткіліксіздігіне байланысты.
Ұсыныс:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, оның ішінде тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу және бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу.
3. Мүлделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау.
Талдау барысында анықталған жақын туыстарының, жубайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметінің (жумысының) фактілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Занының 14-бабының 1-тармағына сәйкес жауапты лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға тенестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президентігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық манызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті өзің-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда) олардьң жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ак жекжаттары атқаратын лауазымдарға бағынысты лауазымдарды атқара алмайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде аппаратта жақын туыстарының фактілері анықталган жок. Мүдделер қақтыстығы фактілері жоқ.
4. Әдеп жөніндегі уәкілетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ұлытау облысында 6 әдеп жөніндегі уәкіл қызмет етеді, олардың біреуі дербес мәртебеге ие, қалған бесеуіне әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі жүктелген. Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережені» және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 19.01.2026 жылғы №8 бұйрығымен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын» басшылыққа алады.
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Ұлытау облысы әкімінің аппараты» ММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен 2026 жылға арналған «Облыстық басқармаларға бару және көшпелі семинарларды өткізу кестесіне» сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың барлық басқармаларымен (21 басқарма және аппарат) және Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының әкімдігімен, Сәтбаев, Жезқазған қалаларының әкімдігімен Әдеп кодексінің нормаларын және қолданыстағы Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың талаптарының сақталуына, бұзушылықтың алдын алуға бағытталған семинар - кеңестер және түсіндірме жұмыстары 25 мекемелермен және кеңейтілген 1 семинар жергілікті атқарушы орган басшылары мен аппараттың басшылығымен жүргізілді. Семинар – кеңестер әр түрлі форматта: дөңгелек үстел, дәріс, кездесу т.б. өткізілді.
Жылдың басында көшпелі семинардың бекітілуімен бірге аталған Полиция және Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерімен «Өзара ынтымақтастық меморандумы» жасалған болатын. Меморандумның шарты бойынша тараптар өзара іс-қимыл жасау нысандарын белгілеген болатын: Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік қызметшілері және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шараларын жүргізу, бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған ақпараттық профилактикалық жұмыстар.
Меморандум шарты бойынша барлық семинарлар Полиция департаментінен, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінен және Дін істері басқармасынан спикерлер шақырыла отырып өткізілді және әр семинардың хаттамасы ресімделіп, тұрақты түрде орындалу және қызмет бабында ескеріліп отыру мақсатында жауапты мекемелерге жолданып отырды.
Мысалы жылдың басында өткізген іс-шараның сілтемесін келтірейік. 11.02.2026 жылғы №1 Хаттамасы рәсімделді. Осы сияқты 13 хаттама рәсімделді.
https://www.instagram.com/reel/DUnmQQ2iObw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DUnncjXiJ2C/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DUnpqamCHAk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DUntDZpCOiv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ұлытау телеарнасының сілтемесі: https://youtu.be/pCqBK6xGnVY?si=1RDxYZGpDIflg4Mh (қазақша)
https://youtu.be/78_sDSsX4-o?si=6YRLkBnvUpECYdpt (орысша)
2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелермен жүргізілген профилактикалық-түсіндірме жұмыстарының әлеуметтік желідегі сілтемелері қосымшадағы кестеде көрсетілген.
5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2026 жылдың есепті кезеңінде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі-АЖ) арқылы Аппаратқа барлығы – 2 190 өтініш келіп түсті, қаралғандар – 1540, жұмыста - 105.
Қарау нәтижесінде қабылданған шешім:
739 – әкімшілік акт қабылданды;
681 – қолайлы әкімшілік акт қабылданды;
58– ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде: 12 – тыңдау өткізілмеген;
314 – авторға жауап берілді;
92- тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб);
16 – назарға алынды (ӘПРК 89-б);
318 – басқасы;
30 – қарау мерзімі ұзартылды;
2 – мерзімі бұзылып қаралды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы өтініш түскен жоқ.
Әкімдік сапаны жақсарту, сондай-ақ өтініштерді қарау кезінде заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында қарау мерзімдерін бақылауды, жіберілетін жауптардың мониторингін, тәртіптік сипаттағы шараларды қолданды жүзеге асырады. Қосымша түміндіру жұмыстары мен әдістемелік көмек көрсету ұйымдастыру бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмыс бөлімімен 6 семинар өткізілді.
Әкімдік басшылығы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде азаматтарды қабылдау және қалалар мен аудандардың тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткзеді. 2025 жылы облыс әкімімен 18 қабылдау өткізілді, 129 азамат қабылданды, оның ішінде қалалар мен аудандардың тұрғындарымен 3 кездесу ұйымдастырылып, жеке қабылдауда 24 адам қабылданды.
Облыс әкімінің орынбасарларымен 48 қабылдау ұйымдастырылып, оларға 92 азамат қабылданды.
2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша е-Өтініш ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты 40 тапсырма түсті. Оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінен 4 тапсырма (2025 жылдан 1 тапсырма), ҚР Үкіметі Аппаратынан 4 тапсырма. Барлық тапсырмалар мерзімінде орындалды.
Ағымдағы жылдың 8 айында ҚР Президенті Әкімшілігінен жеке қабылдаулар бойынша тапсырма түскен жоқ.
Әкімдікте халықпен кері байланыс сапасын арттыруға және жақсартуға бағыталған жұмыстар жүйеленді. Әкімдікке келіп түсетін барлық өтініштер, олардың нысаны мен түріне, сондай-ақ көзіне қарамастан, қатаң бақылауда болады.
6. Бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау.
2025 жылдың қортындысы бойынша Аппаратқа жоғары тұрған органдардан жалпы тускен құжаттардың саны: 14372; оның ішінде жоғары тұрған органдардан құжат келіп түсті, оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінен және Үкімет Аппаратынан 6671 құжат, жоғары тұрған ұйымдардың тапсырмалары мен актілері орындау бойынша министрліктер мен ведомстволардан 7701 құжат келіп түсті, 6901 құжат бақылауға алынды.
Кіріс хаттардың біршамасы қалалық мекемелерден, жергілікті атқарушы органдардан, комитетер мен департаментерден келіп түскен, олардың саны –
8911, қалғандары діни бірлістіктер мен ұлттық компаниялардан, кәсіпорындар мен мекемелерден келген.
Шығыс құжаттардың саны – 8750 құжат, бұл құжаттардың негізі кіріс кұжаттарына жауап құжаттар және ақпараттық сипаттағы хаттар болып табылады.
Облыс әкімінің аппаратына 2025 жылы әкімдіктің 287 қауылысы, облыс әкімінің 94 өкімі рәсімделді.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы жалпы саны 7811 Елтаңбалы бланкілерге өтінім берілді. Барлық Елтаңбалы бланкілер есепке алынған және бағынысты ұйымдарға арнайы журнал арқылы беріледі.
2026 жарты жылдың кортындысы бойынша Аппаратқа жоғары тұрған органдардан жалпы тускен құжаттардың саны: 10945; оның ішінде жоғары тұрған органдардан құжат келіп түсті, оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінен және Үкімет Аппаратынан 3555 құжат, жоғары тұрған ұйымдардың тапсырмалары мен актілері орындау бойынша министрліктер мен ведомстволардан 7390 құжат келіп түсті, 3930 құжат бақылауға алынды.
Кіріс хаттардың біршамасы қалалық мекемелерден, жергілікті атқарушы органдардан, комитетер мен департаментерден келіп түскен, олардың саны-4412, қалғандары діни бірлістіктер мен ұлттық компаниялардан, кәсіпорындар мен мекемелерден келген.
Шығыс құжаттардың саны – 4354 құжат, бұл құжаттардың негізі кіріс кұжаттарына жауап құжаттар және ақпараттық сипаттағы хаттар болып табылады.
7. Бюджет және қаржы қаражатын игеру мен бөлу
2025 жылы бюджет қаражатының игерілуі бекітілген жылдық қаржыландыру жоспарының 94,7%-ын құрады.
Қаржыландырудың негізгі бағыттары:
- Еңбекақы төлеу – 42,7%;
- Салық төлемдері – 3,8%;
- Әкім сайлауын өткізуді қамтамасыз ету – 7,2%;
- Бюджетте көзделген өзге де шығыстар – 46,3%.
2026 жылғы қаңтар–тамыз айлары аралығында бюджет қаражатының игерілуі тиісті есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспарының *99,6%-ын құрады.
2026 жылға бекітілген жылдық қаржыландыру жоспарының негізгі бағыттар бойынша бөлінуі:
- Еңбекақы төлеу – 26,1%;
- Салық төлемдері – 3,3%;
- Әкім сайлауын өткізуді қамтамасыз ету – 16,7%;
- Бюджетте көзделген өзге де шығыстар – 53,9%.
Бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.
8. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айлары аралығында тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар жасалды.
Жасалған шарттардың бағыттар бойынша бөлінуі:
- Тауарларды сатып алу – 29,2%;
Қорытынды:
Мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәукелдерін ішкі талдау қортындысы бойынша ұсынылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңын қатан түрде сақталуын тұрақты бақылауға алып, Заңды түсіндіру жұмыстар жүргізілсін.
Ұлытау облысы әкімі аппараты
басшысының орынбасары А. Жапаров