|
«БЕКІТІЛДІ» «Ұлытау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары
2026 жылғы «___» _____________ А.Қ. Жапаров ________________ |
«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін
себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№п/п |
Тәуекелдер |
Іс-шаралар атауы |
Орындалуына жауаптылар |
Аяқталу формасы |
Орындалу мерзімі |
|
1. |
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының төмен деңгейі қызметтік өкілеттіктерді жеке пайда үшін пайдалану, заңсыз сыйақы алу және мүдделер қақтығысы сияқты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының туындау қаупін арттырады. Материалдық ынталандырудың жеткіліксіздігі кадрлардың тұрақсыздығына және қызмет сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін |
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру. |
Персоналды басқару және адами ресурстарын дамыту қызметі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады. Бұл шара қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартып, адал әрі кәсіби қызмет атқаруға ынталандырады, сондай-ақ кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға ықпал етеді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентттігіне ұсыныстар жолдау.
|
2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
|
2. |
Мемлекеттік органның лауазымды адамдарының зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлермен еңбек шартын ұзарту мәселесін шешу барысында нормативтік құқықтық актілерді әртүрлі түсіндіру жағдайлары туындауы мүмкін. Бұл, атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы және тиісті салалық нормативтік құқықтық актілердегі құқықтық реттеудің жеткіліксіздігіне байланысты |
қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру |
Персоналды басқару және адами ресурстарын дамыту қызметі |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, оның ішінде тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу және бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу. |
2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін |