2026 жылғы 13 қазан
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы
№ 9 ҚАУЛЫСЫ
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының
кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» № 60/98 және «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 60/99 қаулыларының негізінде Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Ұлытау облысы аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А. Нысанбаев
Ұлытау облысы аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Т.Мацедон