Ұлытау облысының
ауылдық округтер әкімдерін
сайлау қорытындылары туралы – 04.10.2026
Ағымдағы жылдың 4 қазанында 1 қала (Жезқазған) және 2 ауданда (Жаңаарқа, Ұлытау) 3 ауыл әкімдерінің сайлауы өтті: 2 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 1 – өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.
Оған 3 аумақтық және 6 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
3 сайлау округі бойынша 9 кандидат ұсынылды: 9 (100 %) өзін-өзі ұсыну.
9 (100 %) - мемлекеттік қызметшілер.
Сайлауға 9 кандидат қатысты.
Сайланған әкімдердің барлық 3-і де мемлекеттік қызметкерлер.
Сайланған әкімдердің орташа жасы 48 жаста, ең кішісі 34 жаста, ең үлкені 61 жаста.
Ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар қалалық және аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.