Қаулы

Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 25 қыркүйек

№ 8 ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

 

 

2022 жылғы 29 желтоқсандағы №89

«Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша

аумақтық сайлау округтерін құру туралы»

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 22-бабына сәйкес, Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №89 «Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысының 2-тармағына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
  2. Осы қаулы Ұлытау облысының мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

Ұлытау облысының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                                 А. Нысанбаев

 

 

Ұлытау облысының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                                Т. Мацедон

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 сентября 2026