Ұлытау облысындағы қалалар мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 4 қазанға тағайындау туралы хабар

Ұлытау облысындағы қалалар мен ауылдық округтер

әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 4 қазанға тағайындау туралы

хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ұлытау облысындағы 1 қаланың және 2 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 3 село, ауылдық округ пен кент әкімдерін сайлауды 2026 жылғы 4 қазанға тағайындады:

 

  1. Жезқазған қаласында әкім сайлауы:

1) Кеңгір селосында.

 

  1. Жаңаарқа ауданында әкім сайлауы:

          1) Бидайық ауылдық округінде.

 

  1. Ұлытау ауданында әкім сайлауы:

1) Қарсақпай кентінде.

 

          Бүгін 2026 жылғы 26 тамызда 1 қаланың және 2 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 3 село, ауылдық округ пен кент әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған ауылдық округ, кент пен село әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 27 тамыздан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

 

Дата публикации
26 августа 2026