Ұлытау облысына келіп түскен өтініштер бойынша:
2023–2025 жылдар аралығында Ұлытау облысында барлығы 47 443 өтініш тіркелді:
- 2023 – 12 045;
- 2024 – 15 720 (өсім – 23%);
- 2025 – 19 678 (өсім – 20%).
Осылайша, екі жыл ішінде өтініштер саны 34%-ға артса, соңғы бір жылдың өзінде 20%-дық өсім қалыптасты. Бұл көрсеткіш азаматтардың өтініш беру белсенділігінің тұрақты түрде артып келе жатқанын айғақтайды.
Үш жылдық салалық талдау нәтижесінде, жиі көтерілетін топ 5 мәселелердің өзгеріске ұшырағаны байқалады. Топ - 5 мәселеге әр жылдар сайын талдау жасайтын болсақ;
2023 жылы:
2024 жылы:
2025 жылы:
2023–2024 жылдары көшбасшы бағыт ретінде жер және ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелер басым болса, 2025 жылы бұл бағыт бойынша төмендеу үрдісі байқалады. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша білім беру саласына қатысты өтініштер алдыңғы орынға шықты.
Өзекті мәселелер:
Бірінші, Білім саласындағы өтініштер 2024 жылы 13 %-ға,
2025 жылы 36 %-ға өскені байқалады. Бұл сұрақ бойынша түскен өтініштер «Smart Data Ukimet» аналитикалық жүйесі мәліметінше барлық түскен өтініштердің 15 % құраған. Өтініштердің негізгі бөлігі – біліктілікті арттыру курстары, байқаулар, семинарлар мен олимпиадаларға шақырулар, сондай-ақ демеушілік сұраулар.
Екінші, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша 2023 жылы өтініштердің үлесі 19 % құрады. Облыстағы өзекті коммуналдық сұрақтар, инженерлік желілердің тозуы, ауыз су сапасының төмендігі, апатты тұрғын үйлердің көптігі, сондай-ақ облыс орталығында тұрғын үйге сұраныстың жоғары болуымен түсіндіріледі.
Облыс ашылғаннан бері жылу , кәріз, суық су жүйелерін жаңарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен шешімін табуда. Сонымен қатар, апатты үйлердің орнына жаңа үйлер салу жұмысы да қарқынды жүргізілуде ( 40 тан астам 7-8 қабатты тұрғын үйлер салу).
Өңір бойынша 2023–2025 жылдары аралығында барлығы 345 азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанамен қамтамасыз етілді. (АНЫҚТАМА: 2023 ж. - 79; 2024 ж .- 214; 2025 ж. - 52 )
Бұдан бөлек, 2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үй беру функциялары «Отбасы банк» АҚ-ға беріліп, облыс бойынша 5 818 азаматтың кезегі аталған ұйымға көшірілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша осы саладағы өтініштер саны 14%-ға төмендеді.
Үшінші, жер және ауыл шаруашылығы сұрақтары 2023- 2024 жылдары алдыңғы қатардан көрінген, бұның басты себебі Ұлытау облысы құрылғаннан бастап жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін рәсімдеуге байланысты өтініштер санының өсуі болды. Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 2024 жылы - 262, 2025 жылы - 155 жер телімі берілген. Нәтижесінде, 2025 жылы Жер және ауыл шаруашылығы сұрақтары 2,3 % төмендеп екінші орынға түсті.
Төртінші, 2025 жылы Денсаулық сақтау саласындағы өтініштердің 44 %-ға өскенін байқауға болады, өсімі 297 өтініш (2023 ж.–382, 2025ж.–679). Зерделеу барысында 468 өтініштің амбулаториялық-емханалық және жедел жәрдем көмегі бойынша түскендігі анықталды. Өтініштер мазмұны өңірімізде медициналық ұйымдарды ашу, сапалы медициналық көмек алу мен медициналық кадр жетіспеушілігімен сипатталады. 2025 жылы өңірімізге 39 медициналық маман келген. Медициналық кадрларды қолдау мақсатында облыстық әкімдіктен 197 млн теңге көтерме төлемақы қарастырылған (қала- 7 млн, ауылдық жерлерде- 8 млн).
Жергілікті кадрларды дайындау үшін 2023-2024 жылдары 29 мемелекеттік грант бөлінген. 2024-2025 жылдары Ұлттық жоба аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін 17 нысанның құрылысы аяқталды.
Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі аясындағы сот практикасы
2023–2025 жылдар аралығында Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі аясында әкімдікке қатысты барлығы 17 сот шешімі қабылданған (2023 ж. –0, 2024 ж. –5 , 2025 ж. –12 іс).
Оның ішінде: 3 іс (17,6%) мемлекеттік органның пайдасына, ал 12 іс (82,3%) – азаматтардың пайдасына, 1 іс бітімгершілік келісіммен, 1 іс ішінара қанағаттандырылып шешілген.
Сотта қаралған істердің басым бөлігі жер қатынастарына тиесілі (жер дауы - 11).
Жер дауларының өсуі қала аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерінің пайдалану мерзімін ұзартуға байланысты.
|
Мәлімет ретінде: кезектілікте тұрған азаматтардың санын азайту мақсатында соңғы екі жылда 417 азаматқа жер учаскелері берілген. |
Көптеген азаматтар әлеуметтік жағдайына байланысты 3 жыл ішінде тұрғын үй салмаған, сондай-ақ жалға алу мерзімін ұзартуға уақытылы өтініш білдірмеген.
|
Тұрғын үй салынып, дербес қабылдау актісі рәсімделгеннен кейін ғана жер учаскесі жеке меншікке беріледі. |
Жеке қабылдаулар
2026 жылдың басынан бері облыс бойынша 150 қабылдау өткізіліп, 558 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды. өткен жылдардың көрсеткішімен салыстырғанда 2025 жылы жеке қабылдауларда келушілер санының азаюы, 2023 жылы ұжымдық арыздардың көп болуымен сипатталады.
2023 жылы облыс әкімімен 240, облыс әкімінің орынбасарларымен 76 және аппарат басшысымен 8;
2024 жылы облыс әкімімен 122, облыс әкімінің орынбасарларымен 115, және аппарат басшысымен 13;
2025 жылы облыс әкімімен 177, облыс әкімінің орынбасарларымен 96 және аппарат басшысымен 11 азамат қабылданған.
Жалпы, облыс басшылығымен 2023-2025 жылдар аралығында 217 қабылдау ұйымдастырылып, 858 тұрғын қабылданған.
2025 жылы бекітілген кестеге сәйкес облыста барлық деңгейдегі әкімдер халықпен 147 кездесу өткізді. Оның ішінде облыс әкімімен 5 кездесу, аудан, қала әкімдерімен 74 және ауылдық әкімдермен 68 кездесу ұйымдастырылды. Облысқа қарасты 3 қала және 2 ауданда өткізілген жеке қабылдау барысында 700-ге жуық азаматтың мәселелері тыңдалып, шешу бағытында құзырлы мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Кездесу соңындағы облыс әкімімінің жеке қабылдауында 65 азамат қабылданды. Бұл азаматтардың өңірлік деңгейде мәселелерін жедел қарауға және жергілікті жерде шешу тетіктерін күшейтуге мүмкіндік берді.
Азаматтарды қабылдау орталығының қызметі
2024 жылдан бастап облыс бойынша 6 Азаматтарды қабылдау орталығы тұрақты жұмыс жасауда. (1 облыстық, 3 қалалық, 2 аудандық). Облыстық орталық облыс әкімдігінің ғимаратында, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1 мекен - жайында орналасқан. Орталыққа кіру ғимараттың артқы жағындағы жеке кіреберіс арқылы жүзеге асырылады. Орталық құрамында келесі аймақтар жұмыс істейді: өткізу және тексеру аймағы, ресепшн, кеңес беру аймағы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, тұрғындарға қызмет көрсету аймағы, азаматтарды жеке қабылдау залы, күту залы, балалар аймағы. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін пандус, көтергіш құрылғы, тактильді плитка, шақыру батырмасы, Брайль шрифті бар тактильді белгілер орнатылған.
Орталықтарға келушілер саны тұрақты. 2024 жылы орталықтарға 3042 азамат жүгінсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3000 азаматты құрады. (2025 жылы: облыстық – 779, қалалық – 2 221).
2024 жылы 324 жеке қабылдаулар өткізіліп, 1 201 адам қабылданған болса, 2025 жылы 411 қабылдау өткізіліп 1 209 адам қабылданды.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігіне құқықтық түсіндірме беріліп, мәселелері рәсімдік деңгейде шешілуде.
Жеке қабылдаудың өзекті (топ 5) мәселелері:
|
№ |
АҚО-да өткізілген жеке қабылдаудың ТОП 5 мәселесі |
||
|
Мәселе атауы |
2024 жылы саны |
2025 жылы саны (%) |
|
|
1 |
Баспана мәселесі |
278 |
444 (37 % артқан) |
|
2 |
Коммуналдық шаруашылық |
213 |
390 (45 % артқан) |
|
3 |
Әлеуметтік мәселе |
229 |
138 (34 % төмендеген) |
|
4 |
Жер мәселесі |
159 |
177 (10 % артқан) |
|
5 |
Көлік және коммуникация |
125 |
110 (11 % төмендеген) |
Екі жылдағы жеке қабылдаулар барысында көтерілген мәселелерді талдау нәтижесі көрсеткендей, негізгі бес сала өзектілігін сақтаған.
2025 жылы Азаматтарды қабылдау орталықтарында 3000 азамат қабылданып, олардың ішінде 1089 бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 702 бойынша өтініштер қабылданған.
Тұрғындардан келген өтініштердің мерзімінде әрі сапалы жауап берілуі және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.