Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырыстары

2026 жылғы 19 наурызда облыс әкімінің төрағалығымен Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кезекті отырыс өткізілді.

Отырыс барысында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселері қаралды. Аталған мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сырым Рахметоллаұлы Салиханов баяндама жасады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.

 

Дата публикации
18 мая 2026