Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы ереже
  1. Жалпы ережелер
  2. Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) аумақтық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – АСК) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Осы Ереже Клубтың қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
  3. Клуб өз қызметін жүзеге асыру барысында АСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
  4. Клуб туралы осы Ереже Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітіледі.
  5. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері
  6. Клубты құрудың мақсаты – жастардың сайлау процесінің өзекті мәселелеріне қызығушылығын арттыру, олардың электоралдық белсенділігін және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
  7. Клубтың негізгі міндеттері:
  • жас сайлаушылардың электоралдық мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;
  • жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндірудің заманауи тәсілдерін әзірлеу;
  • жастардың сайлау процесіне қатысуына қатысты өзекті мәселелерді қарау;
  • жас сайлаушылардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыру.
  1. Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары
  2. Клубтың қатысушылары ретінде жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.
  3. Клуб қатысушылары Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау барысында тең құқықтарға ие.
  4. Клуб қатысушылары:
  • АСК Төрағасына және мүшелеріне ұсыныстар енгізуге;
  • Клубтың басқа қатысушыларының пікірлерімен келіспеген жағдайда өз көзқарасын білдіруге құқылы, мұндай пікір Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру
  2. Клуб өз қызметін әртүрлі форматтағы отырыстар өткізу арқылы жүзеге асырады.
  3. Клуб отырыстары АСК Төрағасының бастамасымен қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.
  4. Клуб қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық тұрғыда қамтамасыз ететін және отырыстарды дайындауды жүзеге асыратын жұмыс органы АСК болып табылады.
  5. АСК:
  • Клуб отырыстарын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық жұмысты жүзеге асырады;
  • Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өткізілу күні мен күн тәртібі туралы оны өткізуге кемінде бес жұмыс күні қалғанда хабардар етеді;
  • Клуб отырысы барысында, оның ішінде аудио- және бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, хаттама жүргізеді.
  1. Қорытынды ережелер
  2. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар АСК қаулысымен енгізіледі.
  3. Клубтың қызметі АСК Төрағасының шешімі негізінде тоқтатылады.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы