Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
«Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
|
Басқарма басшысы |
Рұқсат беру құжаттарын беру |
Қызмет алушылардың өтініштері мен құжаттары тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесісне өткізіледі, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындайды. Сонымен қатар, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру кезінде жер қойнауын пайдалану құқығы «бірінші келді-бірінші алды» қағидаты бойынша беріледі, бұл ретте құжаттар қағаз нысанда Басқарма кеңсесіне ұсынылады. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 206 бабына сәйкес құзыретті органға берілген, сол бір аумақты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беру үшін өтініштер келіп түскен кезектілік тәртібіне қарай қаралады. |
|
|
Бөлім басшысы |
Рұқсат құжаттарын беруге өтінішті тіркеу |
Қызмет алушылардың өтініштері мен құжаттары тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесісне өткізіледі, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындайды.Сонымен қатар, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру кезінде жер қойнауын пайдалану құқығы «бірінші келді-бірінші алды» қағидаты бойынша беріледі, бұл ретте құжаттар қағаз нысанда Басқарма кеңсесіне ұсынылады. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 206 бабына сәйкес құзыретті органға берілген, сол бір аумақты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беру үшін өтініштер келіп түскен кезектілік тәртібіне қарай қаралады. |