Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Басқарма басшысы |
Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін не өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану барлық басқарушылық шешімдерді қабылдайды |
Жоғары |
|
2 |
Бөлім басшысы |
Қаржылық немесе өзге де мүдделілікке байланысты маманды тәртіптік жауапкершілікке тартпау не тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын негізсіз алып тастау |
Орташа |
|
3 |
Бас маман |
Тексерулер жүргізу кезінде, жауапкершілікке тарту кезінде жеке шешім қабылдау қаупі бар |
Төмен |