СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
«Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Басқарманың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың спектакльдердің, мәдени-демалыс іс-шараларының режиссерлерімен (қоюшыларымен) өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің болмауы. |
Басқарманың Мәдениет, әкімшілік –құқықтық жұмыс, бюджеттік жоспарлау және экономика бөліміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне режиссерлермен (қойылым суретшілерімен, музыканттармен және т.б.) қарым-қатынас саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және енгізу жөніндегі мәселеге бастамашылық жасап, ұсыныс енгізу |
Нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және енгізу |
Ұсыныс қабылданған жағдайда жұмыс бабында қолдану |
25 желтоқсан 2024 жыл |
|
2 |
Басқарманың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың эстрада әртістерімен (әншілерімен) өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің болмауы.
|
Басқарманың Мәдениет, әкімшілік –құқықтық жұмыс, бюджеттік жоспарлау және экономика бөлімініне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне эстрадалық әртістермен (әншілермен) тарифтеу нормаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және енгізу жөніндегі мәселеге бастамашылық жасап, үсыныс енгізу. |
Нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және енгізу |
Ұсыныс қабылданған жағдайда жұмыс бабында қолдану |
25 желтоқсан 2024 жыл |
|
3 |
Басқарманың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың ісшаралар мен конкурс-фестивальдерді өткізу барысында сыйлықтар мен жүлде қорын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің болмауы.
|
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жергілікті атқарушы органға сыйлықтар мен жүлделер тағайындау құзыретін беру бойынша «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасын Заңының 8 бабы 4) тармағына «сыйлықтар мен жүлделерді жергілікті атқарушы орган тағайындайды» деп өзгерістер мен толықтыру енгізу және жүлде қоры туралы тарифтер белгілеу бойынша ұсыныс енгізу |
Нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және енгізу |
Ұсыныс қабылданған жағдайда жұмыс бабында қолдану |
25 желтоқсан 2024 жыл |
|
4 |
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, материалдық көмек көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде қандай тәртіппен жүзеге асырылатыны нақты көрсетілмеуі
|
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5 тармағы 1 тармақшасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізу арқылы басқару органы үстемақыларды белгілеуді қандай тәртіппен жүзеге асыратындығы ашып, нақты көрсетілуі қажет екендігін сұрау |
ҚР қолданыстағы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу |
Өзгерістер енгізілген жағдайда жұмыс бабында қолдану |
25 желтоқсан 2024 жыл |
|
5 |
Басқарма жаңадан құрылғандықтан штат санының жетіспеуіне байланысты басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне жүктеменің ұлғаюы |
Басқарманың Мәдениет, әкімшілік –құқықтық жұмыс, бюджеттік жоспарлау және экономика бөлімі Ұлытау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2024 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде қосымша штат санын бөлуге қосымша бюджеттік өтінім жіберу |
Қосымша штат бірліктерін бөлу |
Қосымша 3 штат бірлігі бөлініп, конкурстық процедуралар жүргізілуде |
маусым 2024 жыл орындалды |
|
6 |
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының азаматтық қызметке тұру кезінде, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынбауы |
Басқарманың Мәдениет, әкімшілік –құқықтық жұмыс, бюджеттік жоспарлау және экономика бөліміне ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының анықтама тапсыруын қадағалау және қамтамасыз ету |
Басшының жеке ісінде анықтамалардың болуы |
Барлық басшылар анықтамаларын алып, жеке істеріне тігілді |
Маусым 2024 жыл орындалды |
|
7 |
Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талаптың сақталмауы
|
Басқарманың бұйрығында ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының сынақ мерзімін нақты көрсету. |
Сынақ мерзімінің нақты күнін көрсететін бұйрықтар |
Бұйрықтарда сынақ мерзімі нақты көрсетілетін болды |
үнемі |
|
8 |
Кадр қызметі қызметкерлерінің ҚР Еңбек Кодексі ережелерін жеткіліксіз игергені салдарынан еңбек шарттарын тиісінше ресімдемеу және осы бағыттағы басшылық тарапынан бақылаудың әлсіздігі |
Басқарма басшыларына Мәдениет ұйымдарының директорлары мен кадрлар бөлімінің қызметкерлерімен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау тәртібі бөлігінде Еңбек Кодексінің талаптарын жеткізу бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізу |
Мерзімдерге сәйкес өткізілген құқықтық жалпы оқыту |
Құқықтық жалпы оқыту тоқсан сайын жүргізіледі |
Жыл бойы, жоспарға сәйкес |
|
9 |
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш берген кезде алушының торабына көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланыс болуы
|
Басқарма мемлекеттік қызметтер көрсетуді "электрондық үкіметтің"веб-порталы www.egov.kz. www.elecense.kz.арқылы толық ауыстыру туралы осы мәселемен айналысатын министрлікке ұсыныс жасау |
Нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және енгізу |
Ұсыныс қабылданған жағдайда жұмыс бабында қолдану |
25 желтоқсан 2024 жыл |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланысы |
Мемлекеттік мұрағат басшылығы жоғары тұрған органның алдында стандарттың 2-тарау 4. тармақшасындағы «көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне» деген сөзді алып тастау туралы, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы не электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді толық ауыстыру туралы ұсынысқа бастамашылық жасау |
Нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және енгізу |
Ұсыныс қабылданған жағдайда жұмыс бабында қолдану |
25 желтоқсан 2024 жыл |
|
11 |
Архив қызметі қызметкерлерінің "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын жеткіліксіз игергені салдарынан архив анықтамаларын тиісінше ресімдемеуі және осы бағыттағы басшылық тарапынан бақылаудың әлсіздігі |
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде азаматтар мен заңды тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық сауалдарын орындаумен айналысатын қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау жөніндегі талаптарды жеткізу |
Мерзімдерге сәйкес өткізілген құқықтық жалпы оқыту |
Бұзушылық жойылды |
Жыл бойы, жоспарға сәйкес |