Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
«Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Бюджеттік бағдарламаларды орындау, экономикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы |
Барлық бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының ұтымды, үнемді жұмсалуы бойынша Басқарманың жұмысына бақылауды жүзеге асыру және талдау жүргізу, басқарманың жұмысын жақсарту бойынша сындарлы ұсыныстар енгізеді. Жұмыс қорытындысы бойынша басқарма басшысына және жоғары тұрған ұйымдарға материалдар мен есептер дайындайды. |
Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу. |
|
2 |
Бюджеттік бағдарламаларды орындау, экономикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы |
Мекемені қаржыландыру жоспарына сәйкес бекітілген сома шегінде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мемлекеттік сатып алу және құрылысты ұйымдастыру бөлімімен жолданатын жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және объектілер құрылысына қатысты бағдарламалар бойынша Қазынашылық-Клиент жүйесінде шарттар мен қосымша келісімдерді уақтылы тіркеу. |
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттік қаражатты жұмсау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында нормативтік құқықтық база әзірленді, оның мақсаты лауазымды адамдардың араласуын шектеу болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жоғары тәуекелдері лауазымды тұлғалардың жеткізушілермен (мердігерлермен) тығыз қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне байланысты. Алаяқтық, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік сатып алу циклінің барлық кезеңдерінде көрінуі мүмкін. |
|
3 |
Жобалау сметалық-құжаттама және күрделі құрылыс бөлімінің басшысы |
Тапсырыс беруші Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болып табылатын объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылау, атқарушы техникалық құжаттаманың ресімделуін бақылау және объектіні пайдаланушы ұйымның теңгеріміне беру. |
Техникалық, авторлық қадағаулар және Тапсырыс беруші, сондай-ақ мердігер ұйымдар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, атап айтқанда, қағаз жеткізгіште қол қоюға құжаттар ұсыну және тікелей қатынастар орнату арқылы туындайды, бұл тәуекелдердің көрінуіне әкеледі. Тапсырыс беруші, техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар тарапынан өзара қарым-қатынастардағы іс-әрекеттер, атап айтқанда объектіні пайдалануға қабылдау актісін ресімдеу белгіленген өкілеттіктердің асып кетуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін. |