
Басқарма қызметінің негізгі бағыты облыстың, облыс ауданының, облыстық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылады (оның ішінде облыстық және аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ елу және одан да көп пайыз заңды тұлғалар дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекетке тиесілі болуы және олармен үлестес заңды тұлғалар, 2018 жылғы 29 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №1127 бұйрығына № 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік сатып алу процедураларын іске асырады.
Басқарма өткізетін мемлекеттік сатып алулар:
1) жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын тауарлар;
2) жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын жұмыстар жатады;
3) жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын жобалау-сметалық құжаттаманы және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу;
4) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу және оларды күтіп-ұстау;
5) жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі қызметтер);;
6) жылдық көлемі құндық мәнінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын көрсетілетін қызметтер.