
«Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ұлытау облысының аумағында ішкі саясат, жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қоғамдық даму басқармасы басқармасы мемлекеттілік пен халық бірлігін қамтамасыз етуге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, облыс тұрғындарының азаматтық белсенділігі мен әлеуметтік оң көзқарасын қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуға, аймақтың ақпараттық ауқымының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, аймақтағы этносаралық және конфессияаралық қатынасты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Облыста 50-ден астам этнос өкілдері тұрады, 8 этномәдени орталық, 300-ден астам жұмыс істеп тұрған үкіметтік емес ұйым, 5 жастар ұйымы, 15 бұқаралық ақпарат құралдары, 7 саяси партиялардың облыстық филиалдары жұмыс істейді.
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтауға бағытталған жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Ай сайын барлық аудандар бөлінісінде әлеуметтік шиеленіс картасы жаңартылып отырады.