
Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы өңір аумағында цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, байланыс саласын дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Облыста цифрлық инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және өңірдің заманауи цифрлық экожүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Smart City тұжырымдамасы аясында Ұлытау облысында тұрғындардың өтініштерін қалалық және мобильді байланыс желілері арқылы қабылдайтын бірыңғай «109» байланыс орталығы іске қосылды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында кіруді бақылау жүйелері, шұғыл әрекет ету батырмалары және бейнебақылау жүйелері енгізілуде. Сонымен қатар, Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және интернет байланысының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы елді мекендерді интернетпен қамту деңгейі 62,7%-дан 70,7%-ға дейін өсіп, байланыс сигналы әлсіз аумақтар саны едәуір қысқарды.
Өңірде қызметтерді онлайн форматқа көшіру, цифрлық сервистерді дамыту, жасанды интеллект элементтері мен заманауи аналитикалық жүйелерді енгізу бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Қоғамдық орындарда ықтимал қауіпті жағдайларды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін AI-аналитика элементтері бар бейнебақылау жүйелері енгізілуде.
Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, мемлекеттік үдерістердің тиімділігін арттыру және өңірдің инновациялық ортасын дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.