
2023 жылдың қорытындысы бойынша аз қамтамасыз етілген 9609 отбасына 392,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және қосымша жәрдемақы көрсетуге 2023 жылға бюджеттен 264,9 млн.теңге қаралды (ТОХ (РБ) 200,9 млн.теңге, ЖБ-64,0 млн. теңге).
542 отбасына (2 474 отбасы мүшелері) 237,8 млн.тг. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 1-ден
6 жасқа дейінгі 759 балаға (429 отабасы) 25,3 млн.тг. ай сайынғы қосымша жәрдемақы төленді.
Тұрғын үй көмегі. Аз қамтылған отбасыларына коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегі 175 отбасына (272 отбасы мүшелері) 7,9 млн теңге төленді.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 8463 адамға 119,5 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту
2024 жылдың 1 қаңтарына аймағымызда 11 мың (11 442) мүгедектігі бар адамдар тіркелген (I,ІІ топта - 5728, 18 жасқа дейінгі бала – 1200).
Облыс бойынша әлеуметтік оңалтуды қажет ететін 4610 өтініш берушінің 4484 әлеуметтік оңалту шараларын алды немесе 97,3%-ға орындалды (2023 жылға жоспар 90%).
Кедергісіз орта қалыптастыру бағытында облыс көлемінде
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасының орындалысы бойынша 54 инфрақұрылым объектілерін бейімдеуден өткізу жоспарланды. Оның ішінде 2023 жылы 37 объекті бейімделіп, республикалық Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді.
Жыл басынан бері Ұлытау облысының мансаптық орталықтарына
3 309 жұмыссыз азамат өтініш білдіріп, 1 529 адам жұмысқа орналастырылды.
01.04.2024 жылғы жағдай бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына 1112 адам жұмысқа ораналастырылды.
Ағымдағы жылы 87 грант (грант сомасы 1 млн.476 мың теңге) бөлу жоспарлануда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін 2,5% жеңілдікті шағын несие беріледі
Ағымдағы жылдың қаңтар айында 2024 жылға арналған жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы бекітілді. Өңірлік картаға енген 12 тұжырымдама және 1 ұлттық жоба шеңберінде 591 жұмыс орнын
«Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Ұлытау облысына оңтүстік өңірлерден 125 адамды (28 отбасы) көшіру жоспарлануда.
2024 жылдың 12-14 наурыз аралығында Түркістан облысы және Шымкент қаласының аудандарында өңіраралық ерікті көшіру шеңберінде өткен бос орындар жәрмеңкелер нәтижелеріне сәйкес Ұлытау облысына көшіп келуге 5 отбасы (14 адам) ниет білдірді. Оның ішінде: Сарыағаш ауданынан 2 отбасы (3 адам), Түркістан облысынан 1 отбасы (4 адам), Сайрам ауданынан 2 отбасы (7 адам).
Бүгінгі таңда Ұлытау облысына 5 отбасы (25 адам) қоныс аударды. Ұлытау ауданына 4 отбасы көшіп келді (Алматы, Түркістан облыстарынан) оның ішінде Мибұлақ ауылына 2 отбасы (18 адам), Ұлытау ауданына 1 отбасы (4 адам), Сарысу ауылына 1 отбасы (1 адам), Жаңаарқа ауданы, Ынтымақ ауылына 1 отбасы (2 адам) көшіп келді.
Жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру мақсатында жыл басынан бері облыс бойынша 6 «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді, 178 жұмыс беруші қатысты, 890 бос жұмыс орны ұсынылды, оның қорытындысы бойынша 19 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 3 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам, алғашқы жұмыс орындарына 1 адам жолдама алды.