Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ұлытау облысындағы автожол саласы

2026 жылы облыста республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 236 шақырымын қайта жаңарту және 114 шақырымында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда «Қызылорда–Жезқазған» автомобиль жолында құрылыс жұмыстары қарқынды. Атап айтқанда, негізгі асфальт қабаты 60 шақырымға, төменгі қабаты 45 шақырымға, ал жоғарғы қабаты 10 шақырымға төселген. Жобаға сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін жолға толық асфальт жабыны салынып, көлік қозғалысы толық қамтамасыз етіледі. Ал 2027 жылы абаттандыру жұмыстары аяқталып, нысан толық пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, «Жезқазған–Қарағанды» автожолын қайта жаңғырту жобасы бойынша конкурстық рәсімдер аяқталуға жақын. Жобаны іске асыру 2026–2029 жылдарға жоспарланған.

«Жезқазған–Арқалық–Петропавл» бағытының «Ұлытау–Арқалық» учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қазіргі таңда 35 шақырым жол пайдалануға берілген. Қалған 89 шақырымды ағымдағы жылдың қазан айына дейін толық аяқтау көзделуде.

«Қаражал–Атасу» бағытындағы 0–28 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін асфальттау толық аяқталып, жол пайдалануға беріледі.

«Сәтбаев–Малшыбай» – Жошыхан және Домбауыл кесенелеріне апаратын жол құрылысы жобасын биыл толық аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, Қаракеңгір өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту және Қызылжар кентіндегі Сарысу өзені үстінен өтетін көпір құрылысы биыл толық аяқталады.

Биыл Қарсақбай–Байқоңыр бағыты толықтай асфальт жолмен қамтамасыз етіледі.

Ірі жобалардың бірі – «Астана–Қорғалжын–Баршын–Шұбаркөл–Ұлытау» бағытын дамыту. Осы жоба аясында «Алғабас–Шұбаркөл» (20 км) автожолының құрылыс жобасына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Биыл құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Өңірдегі қалаішілік жолдарды жөндеу де назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, биыл:

* Жезқазған қаласында – 13 көшеде,

* Сәтбаев қаласында – 19 көшеде,

* Қаражал қаласында – 10 көшеде,

* Жәйрем кентінде – 4 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кету керек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл Сәтбаев қаласының көше жолдарын жөндеуге ерекше басымдық берілуде.

Жалпы, өңірде жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Документы
Ақпарат
18 января 2023
Хабарландыру
Новости
Полезные материалы
Ұлытау облысындағы автожол саласы
Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Медиагалерея
1
Ұлытау облысындағы су тасқыны туралы
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы