Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Денсаулық сақтау

Ұлытау облысының тұрғындарына медициналық көмекті 37 медициналық ұйым көрсетеді, оның ішінде 15 мемлекеттік және 22 жекеменшік. Дербес амбулаториялық-емханалық ұйымдар - 11 (оның ішінде 2 мемлекеттік емхана және 9 отбасылық денсаулық орталықтары). Стационарлар - 11, одар 1182 төсекке есептелген (облыстық көпбейінді аурухана (ОКБА) -1, жекеменшік ауруханалар – 2, қалалық орталық ауруханалар (ҚОА) - 2, кенттік аурухана (КА) - 1, орталық аудандық ауруханалар (ОАА) - 2 (олардың құрамына 9 дәрігерлік амбулатория (ДА), 14 фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП), 14 медициналық пункт (МП) кіреді), ауылдық учаскелік аурухана (АУА) - 1, диспансерлер – 2). Дербес басқа медициналық ұйымдар-9 (медициналық колледждер - 2, жедел медициналық жәрдем станциясы (ЖМЖС) - 1, ЖИТС орталығы - 1, санаторий - 1, балалар үйі – 1, "Қаратал" ӨК - 1 және 2 жеке стоматологиялық ұйымдар). Жекеменшік - мемлекеттік әріптестік шеңберінде 2 нейрореабилитациялық бөлімше (ересектер, балалар үшін), "MD Vision" ЖШС офтальмологиялық орталығы және 3 диализ бөлімшесі (Жезқазған, Сәтбаев қалалары, Жана – Арқа ауданы) жұмыс істейді.

Саланы дамытудың стратегиялық бағыттары анықталды.

  1. Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жетілдіру.

2023 – 2024 жылдары ауылдық жерлерде 25 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған (12 ФАП, 12 МП, 1 ОАА). Оның ішінде 4 (ФАП) нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

"Перинаталдық орталықтар желісін салу" жобасын іске асыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау нысанының 6 жаңғырту қарастырылған, оның ішінде 2 - і (Сәтбаев қаласының ОҚА және Жаңаарқа ауданының КОАА) аяқталды, 4-і (Жезді кенті АУА, Қаражал қаласының ауруханасы, Жезқазған қаласының Облыстық жоғары медициналық колледжі, Жезқазған қаласының емханасы) жұмыс үстінде.

Ағымдағы жылы облыс орталығы-Жезқазған қаласында облыстық балаларды оңалту орталығы мен 3 деңгейлі инсульт орталығы (ангиографикалық жабдық орнатылады) жұмыс істей бастайды.

Облыстың жедел медициналық жәрдем қызметі үшін В (7), С (5) санатындағы 12 жаңа автомашина сатып алынды, олардың бір бөлігі ауылдық аудандарға бөлінді.

  1. Өңірге медицина кадрларын тарту және орнықтыру.

Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің жалпы саны 2980 адамды құрайды, оның ішінде дәрігерлер - 630, орта медицина қызметкерлері-2350 адам.

Кадр тапшылығы кадр айналымын ескере отырып, 01.01.2023 жылға 66, 01.01.2024 жылға 62 маманды құрады (Жезқазған қ. – 31, Сәтбаев Қ.-17, Қаражал қ. - 7, Жәйрем кенті - 6, Ұлытау ауданы-5).

2023 жылы медициналық және фармацевтикалық кадрларды әлеуметтік қолдау жобасын іске асыру басталды. Ол өңірге келетін мамандарға (кемінде 3 жыл өтілі бар) жергілікті бюджет есебінен көтерме қаражат пен тұрғын үй бөлу түрінде (2023 ж.-95 млн теңге бөлінді, 19 маман келді; 2024 ж. – 150 млн теңге бөлінді, орналасу аумағына байланысты 5-тен 8 млн теңгеге дейін (ауыл, қала, облыстық маңызы бар қала)) жүзеге асырылуда.

Жеке бейінді мамандықтар бойынша дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың біліктілігі арттырылуда (тағылымдамалар және шеберлік сабақтарын ұйымдастыру).

Саланың бастапқы міндеттерінің бірі ҚР ұлттық ғылыми орталықтарымен белсенді ынтымақтастықта диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын енгізу болып табылады.

  1. Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды одан әрі дамыту.

Бұл бағытта ахуалдық орталықтарды дамыту (талдау, болжам, тәуекелдер) және телемедицинаны кеңінен қолдану (консилиумдар, консультациялар, патронаж, мониторинг) бойынша міндеттер қойылған.

Документы
Новости
Полезные материалы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасындағы» сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары нәтижесінде анықталған жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс шаралар жоспары
Денсаулық сақтау
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы